Мазмұнға өту

ЖАҢАЛЫҚТАР

  • «Астана Операда» екі кеш бойы «Мадам Баттерфляй» ұсынылады

    Жапондық гейшаның америкалық лейтенантқа деген махаббаты жайлы хикаяны «Астана Операда» 11-12 ақпанда баяндайды. Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсы батыс пен шығыс секілді екі әлемнің қақтығысын паш етеді. Оларды театр сахнасында шеберлермен қатар, Astana Opera Халықаралық опера академиясының жас тыңдаушылары таныстырады. Басты партияда Мәдина Исламова дебют жасаса, оның сүйіктісі Пинкертонды алғаш рет Саян Исин орындайды. Толығырақ«Астана Операда»…


  • «Иоланта» операсын Халықаралық академия солистері орындайды

    Петр Чайковскийдің «Иоланта» мәңгі өшпес туындысы «Астана Опера» Симфониялық оркестрі мен хорының сүйемелдеуімен Халықаралық опера академиясы солистерінің концерттік орындауында алғаш рет шырқалады. Классикалық музыка жанкүйерлеріне композитордың махаббаттың емдік күшін дәріптеген соңғы операсымен 28 ақпан мен 1 наурызда көптен күткен кездесудің сәті түседі. Қоюшы дирижер Руслан Баймурзин, қоюшы режиссёр – Еренбақ Тойкенов. Толығырақ«Иоланта» операсын Халықаралық академия…


  • «Супер Әжелер» театрға келді

    Өткен демалыс күндері «Астана Опера» сахнасында Гала-балет кеші зор табыспен өтті. «Супер Әже» әлеуметтік жобасының қатысушылары әрі ұйымдастырушылары кеш қонақтары болды. Әжелерді «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова жасаған мазмұнды концерт бағдарламасы, сондай-ақ елордалық балет труппасы әртістерінің техникалық және әртістік шеберлігі таңғалдырды. Толығырақ«Супер Әжелер» театрға келді


  • «Дон Паскуале» операсындағы дебют

    3 ақпанда «Астана Операда» «Piccolo» театры танымал жобасы аясында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына Г.Доницеттидің «Дон Паскуале» жарқын комедиялық операсы ұсынылды. Эрнесто партиясында К.Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасына алғаш рет Astana Opera Халықаралық опера академиясының тыңдаушысы, болашағынан үміт күттіретін жас тенор Әлихан Зейнолла шықты. Толығырақ«Дон Паскуале» операсындағы дебют


  • Әлемге әйгілі маэстро Алан Бөрібаев Венгрияда зор табыспен өнер көрсетті

    «Астана Опера» театрының бас дирижері Алан Бөрібаев Будапеште С.Прокофьевтің «Соғыс және бейбітшілік» операсының жаңа венгриялық қойылымын зор табыспен жүзеге асырды. ТолығырақӘлемге әйгілі маэстро Алан Бөрібаев Венгрияда зор табыспен өнер көрсетті


  • Музыкалық Рождество

    «Астана Опера» Рождество ізгі мейрамын атап өтеді: 7 қаңтарда К.Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасына «Рождество сыңғыры» концертінің жарқын бағдарламасымен елордалық театрдың тамаша опера солистері шығады. ТолығырақМузыкалық Рождество


  • «Щелкунчик» балетіндегі жаңа ханзадалар

    Қаңтардың басында «Астана Опера» театрында П.Чайковскийдің әйгілі «Щелкунчик» балетінде Щелкунчик-Ханзада басты партиясында дарынды әртістердің жарқын дебюттері орын алады. Спектакльдің бірегейлігі қойылымды заманымыздың көрнекті балетмейстері, КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Юрий Григоровичтің жүзеге асыруында болып табылады. Толығырақ«Щелкунчик» балетіндегі жаңа ханзадалар


  • Махаббат – барлық шынайылықтың негізі

    Танымал қазақстандық композитор Балнұр Қыдырбектің музыкасына атақты режиссер Юрий Александровтың қойылымындағы «Қалқаман – Мамыр» ұлттық опера-балетінің ғаламат премьерасы асқақ өнер жанкүйерлеріне жаңа жылдық сыйлық болды. Қос ғашықтың хикаясы «Астана Опера» сахнасында вокалдық орындау мен классикалық би біріктірілген ерекше театрлық стильде қайта жанданды.ТолығырақМахаббат – барлық шынайылықтың негізі


  • Жаңа жыл қарсаңында ғажайып орнасын!

    «Астана Опера» театры өзінің ауқымды шығармашылық қызметінен бөлек, қайырымдылық акцияларына да белсенді қатысады. Жаңа жыл қарсаңында театр еріктілері ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балалар мен әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары үшін «Ғажайып орнасын» акциясын өткізді. Еріктілер балаларға тәтті сыйлықтар, ойыншықтар мен жемістер салынған себеттер тарту етті. ТолығырақЖаңа жыл қарсаңында ғажайып орнасын!


  • «Астана Опера» Минскіде ең сұранысқа ие спектакльдердің бірін ұсынады

    «Астана Опера» тағы да гастрольге аттанады!Толығырақ«Астана Опера» Минскіде ең сұранысқа ие спектакльдердің бірін ұсынады


  • Әлемдік жұлдыздар Eni-дің Қазақстандағы 30 жылдығы аясында елордада өнер көрсетеді

    «Астана Опера» Eni-дің қолдауымен компанияның Қазақстанға келгеніне 30 жыл толуын мерекелеу аясында елордада асқақ өнердің екі шарасын өткізеді.ТолығырақӘлемдік жұлдыздар Eni-дің Қазақстандағы 30 жылдығы аясында елордада өнер көрсетеді


  • Қыстың музыкалық түрленуі

    «Астана Операда» қыстың алғашқы айы дәстүр бойынша жарқын оқиғалар мен іс-шараларға байТолығырақҚыстың музыкалық түрленуі


  • Елордада әлемдік сахна жұлдыздарының қатысуымен Балет кеші премьералық бағдарламасы өтеді

    «Жібек жолы» халықаралық музыкалық фестивалі «Астана Опера» сахнасында шақырылған әлемдік сахна жұлдыздарының басын қосуды жалғастыруда.ТолығырақЕлордада әлемдік сахна жұлдыздарының қатысуымен Балет кеші премьералық бағдарламасы өтеді


  • «Астана Опера» солисі «Дарын» сыйлығын алды

    «Астана Опера» опера труппасының солисі Шыңғыс Расылханға жемісті шығармашылық қызметі үшін «Классикалық музыка» номинациясында «Дарын» сыйлығы берілді. Толығырақ«Астана Опера» солисі «Дарын» сыйлығын алды


  • «Астана Операның» жұлдызды құрамы Алматыда өнер көрсетеді

    Музыка табынушылары да, әртістер де асыға күткен «Астана Операның» Алматыға гастролі 8-10 желтоқсан аралығында өтеді.Толығырақ«Астана Операның» жұлдызды құрамы Алматыда өнер көрсетеді


  • Ел өз таңдауын жасады

    «Астана Опера» театрының ұжымы 20 қарашада өткен Президент сайлауында дауыс берді. ТолығырақЕл өз таңдауын жасады


  • Жұлдыздармен бірге «Аққу көлі»

    Классикалық балет жауһарларының бірі – «Аққу көлі» 23-24 қарашада «Жібек жолы» фестивалі аясында «Астана Опера» сахнасында ұсынылады.ТолығырақЖұлдыздармен бірге «Аққу көлі»


  • Umai сыйлығына қатысуға жүзден астам үміткер өтінім берді

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі тағайындаған Umai ұлттық сыйлығы өнер адамдарының зор қызығушылығын оятты. Бірнеше айдың ішінде «Астана Операның» ұйымдастыру комитетіне Қазақстанның барлық бұрышынан жүзден астам өтінім түсті, дегенмен өңірлердегі мәдениет қайраткерлері барынша белсенді болып шықты. ТолығырақUmai сыйлығына қатысуға жүзден астам үміткер өтінім берді


  • Ахмед Агади: «Жібек жолы» фестивалі жайлы бүкіл әлемде айтылсын деп тілеймін»

    Мұқан Төлебаевтың аңызға айналған «Біржан – Сара» операсы 12 қарашада «Жібек жолы» халықаралық музыкалық фестивалін ашып берді. Біржан партиясын әлемдік опера жұлдызы, Татарстанның Халық әртісі, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Ахмед Агади орындады. «Астана Опера» Симфониялық оркестрі, хоры, солистері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қоюшы дирижер, маэстро Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен өнер көрсетті. ТолығырақАхмед Агади: «Жібек жолы» фестивалі…


  • «Астана Опера» театрында «Жібек жолы» фестивалінің ашылуына орай өткен баспасөз жиыны

    «Жібек жолы» халықаралық музыкалық фестивалінің ашылуына орай өтетін баспасөз 12 қарашада «Астана Опера» театрында «Жібек жолы» халықаралық музыкалық фестивалінің ашылуына орай баспасөз жиыны болып өтті. Толығырақ«Астана Опера» театрында «Жібек жолы» фестивалінің ашылуына орай өткен баспасөз жиыны


  • Ел кезуші Дон Кихот елордада

    Л.Минкустың «Дон Кихот» балеті дегенде, театр сүйер қауымның ойына Барселонаның жылуы мен күн шуағы келеді. Осынау қызықты спектакль «Жібек жолы» халықаралық фестивалі аясында 15-16 қарашада «Астана Опера» сахнасында өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарын шытырманға толы оқиға желісі, жалындаған музыка, танымал қазақстандық әртістер мен Беларусь Үлкен театры жұлдыздарының шебер орындауындағы екпінді испан билері, сондай-ақ Эцио Фриджерионың…


  • Астанада «Жібек жолы» халықаралық музыкалық фестивалі өтеді

    12 қарашада «Астана Операда» «Жібек жолы» халықаралық фестивалінің ғаламат ашылуы өтеді. Қызыл кілемдегі белгілі қонақтар мен журналистер, жарқын шоу-бағдарлама мен М.Төлебаевтың көпшілік ұнататын «Біржан – Сара» операсы фестивальді бастап береді, онда Италия, Германия, Чехия, Украина, Армения, Ресей, Беларусь және басқа да елдерден әртістер жиналады. ТолығырақАстанада «Жібек жолы» халықаралық музыкалық фестивалі өтеді


  • Опера академиясының тыңдаушылары айрықша концертте өнер көрсетеді

    13 қарашада Халықаралық опера академиясының шәкірттері батыс еуропа композиторларының шығармаларынан құрылған «GRANDE OPERA» жаңа бірегей бағдарламасын ұсынады. Солистерді концертке дайындауға атақты орындаушы, «Геликон-опера» театры (Мәскеу) жастар бағдарламасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Марина Мещерякова қатысады.ТолығырақОпера академиясының тыңдаушылары айрықша концертте өнер көрсетеді


  • WE ARE THE WORLD алғаш рет Қазақстанда

    2022 жылғы 13 қараша Қазақстандағы Франция Елшілігінің қолдауымен «Астана Операда» «We Are the World» (Біз – тұтас әлем) халықаралық балалар сурет көрмесінің ашылуы өтеді, шараның мақсаты – жасампаз дағдыларды дамыту, жас дарындарды анықтау және қолдау.ТолығырақWE ARE THE WORLD алғаш рет Қазақстанда


  • «Ең жоғары мақтауға лайық»: Мәскеуде «Астана Операның» гастролі аяқталды

    «Астана Опера» балет труппасының Кремль сарайы сахнасындағы өнер көрсетуіне Мәскеу «Бәрекелді» деп ду қол шапалақтап, зор қошемет көрсетті! Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы аясында қазақстандық труппа ұсынған «Бақшасарай бұрқағы» театр сүйер қауым мен музыкалық сыншылардың жоғары пікірлеріне ие болды.Толығырақ«Ең жоғары мақтауға лайық»: Мәскеуде «Астана Операның» гастролі аяқталды


  • Күләш Байсейітованың әні

    Опера сахнасының аңызы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Күләш Байсейітованың 110 жылдығына орай 29 қазанда «Астана Операда» «Қазақстанның вокалистер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Күләштің әні» вокалдық музыка кеші өтеді. Концерт аясында Күләш Байсейітованың шығармашылығын насихаттап жүрген орындаушыларды салтанатты марапаттау рәсімі болады. ТолығырақКүләш Байсейітованың әні


  • Музыкадағы заманауи романтиктер

    Күздің соңғы айында «Астана Опера» театрында елорда тұрғындары мен қонақтарын «Романтиктер мен замандастар» ұмытылмас музыкалық кеші күтеді. 25 қарашада елордалық сахнаға жас болса да, отандық және шетелдік көрермендерге жақсы таныс орындаушылар шығады. ТолығырақМузыкадағы заманауи романтиктер


  • Астанада Umai ұлттық сыйлығы мүсіншесінің таныстырылымы өтті

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тағайындаған еліміздегі алғашқы Umai ұлттық сыйлығы – бұл театрлық «Оскардың» аналогы. Үш ай бойы Қазақстанның атақты суретшілері Umai сыйлығы мүсіншесі сызбасының авторы болу құқығы үшін таласты.ТолығырақАстанада Umai ұлттық сыйлығы мүсіншесінің таныстырылымы өтті


  • Республика күнінде елордада «Мерекелік шашу» концерті өтеді

    25 қазан – Республика күнінде елорда тұрғындары мен қонақтарын «Мерекелік шашу» концерті күтеді. Музыкалық кеш «Астана Опера» сахнасында, К.Байсейітова атындағы Камералық залда өтеді, онда «Астана Операның» танымал солистері мен әйгілі «Қазақстан камератасы» классикалық музыка ансамблінің әртістері өнер көрсетеді. ТолығырақРеспублика күнінде елордада «Мерекелік шашу» концерті өтеді


  • Италиялық коуч Astana Opera Халықаралық опера академиясының әншілері үшін шеберлік сағатын өткізуде

    Әйгілі опера орындаушысы әрі вокал бойынша коуч Анна Вандидің (Италия) шеберлік сағаты Astana Opera Халықаралық опера академиясында қорытынды оқу жылын ашады. Жақын айларда жас әншілерді мазмұнды оқу бағдарламасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов, Жұпар Ғабдуллина, Талғат Мұсабаев секілді сұранысқа ие оқытушылар, сондай-ақ көрермендермен жаңа кездесулер күтеді. ТолығырақИталиялық коуч Astana Opera Халықаралық опера академиясының әншілері…