2022 жылғы 13 қараша Қазақстандағы Франция Елшілігінің қолдауымен «Астана Операда» «We Are the World» (Біз – тұтас әлем) халықаралық балалар сурет көрмесінің ашылуы өтеді, шараның мақсаты – жасампаз дағдыларды дамыту, жас дарындарды анықтау және қолдау.
Қазақстандық балалар үшін өз суреттерін бүкіл әлемге көрсетудің бірегей мүмкіндігі беріледі.
«Қазіргі балалар – ертеңгі күннің көшбасшылары. Сондықтан түрлі елдердегі балаларға бірігуге көмектесу – біздің міндетіміз, ал өнердің тілі барлығына түсінікті», – деп атап өтті Халықаралық қауымдастық президенті әрі «We Are the World» жобасының негізін қалаушы Стефани Гаспар.
Көрме әлемнің үздік алаңдарында ұсынылған және оған Ұлыбритания, БАӘ, Сингапур, Гонконг, Франция, Германия, Беларусь сынды 40-тан астам ел қатысуда.
«Париждегі Лувр секілді залдарда қойылатын балалар сурет көрмесінің енді Қазақстанда да жыл сайын өтетініне қуаныштымын. Бұрын біздің балаларда мұндай мүмкіндік болған жоқ», – деп атап өтті Қазақстандағы «We Are the World» көрмесінің ресми өкілі Ардақ Мухамадиева.
Көрмеге қатысу арқылы балалар мыналарға ие болады:
- беделді алаң, мұнда оның жұмыстарын өнерді бағалайтын жандар, көрермендер тамашалайды;
- халықаралық көрмеге қатысқаны туралы сертификат;
- университеттерге оқуға түсерде қажет болатын сыныптан тыс үйірмелердегі жетістіктер;
- халықаралық байқауға қатысудың баға жетпес тәжірибесі;
- жеңімпаздарды білікті қазылар алқасы іріктейді;
- лауреаттар демеуші атынан сыйлықтармен марапатталады.
Қазылар алқасының құрамында: Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Ренат Елубаев; италиялық суретші Андреа Бакалини; Қазақстан көркемөнер академиясының мүшесі, Zere мектебін құрушы Әйгерім Бектаева; Pygmalion ұлы өнер арт-галереясының негізін қалаушы Данагүл Төлепбай.
Көрменің ашылу рәсімі 13 қараша сағат 15:00-де Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі 1 мекенжайы бойынша «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтеді.