«Астана Опера» опера труппасының солисі Шыңғыс Расылханға жемісті шығармашылық қызметі үшін «Классикалық музыка» номинациясында «Дарын» сыйлығы берілді.
– Мұндай жоғары марапатты алу мен үшін үлкен мәртебе. Жас әншілер үшін бұл өте маңызды, өйткені шығармашылығымыздың осылай бағалануы әрі қарай өсуге ынталандырады. Маған сыйлық тағайындалғанын есту күтпеген жағдай болды, мен расымен қуаныштымын, осы керемет сезіммен қанаттанып жүрмін.
Театр дирекциясы мен «Астана Опера» ұжымы Шыңғыс Расылханды құттықтайды және келешекте кәсіби жетістіктер, зор денсаулық, шабыт пен шығармашылық қуаныш тілейді!