Мазмұнға өту

Category: Жаңалықтар

Ел кезуші Дон Кихот елордада

Л.Минкустың «Дон Кихот» балеті дегенде, театр сүйер қауымның ойына Барселонаның жылуы мен күн шуағы келеді. Осынау қызықты спектакль «Жібек жолы» халықаралық фестивалі аясында 15-16 қарашада «Астана Опера» сахнасында өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарын шытырманға толы оқиға желісі, жалындаған музыка, танымал қазақстандық әртістер мен Беларусь Үлкен театры жұлдыздарының шебер орындауындағы екпінді испан билері, сондай-ақ Эцио Фриджерионың қанық әрі мәнерлі декорациялары күтеді.

Астанада «Жібек жолы» халықаралық музыкалық фестивалі өтеді

12 қарашада «Астана Операда» «Жібек жолы» халықаралық фестивалінің ғаламат ашылуы өтеді. Қызыл кілемдегі белгілі қонақтар мен журналистер, жарқын шоу-бағдарлама мен М.Төлебаевтың көпшілік ұнататын «Біржан – Сара» операсы фестивальді бастап береді, онда Италия, Германия, Чехия, Украина, Армения, Ресей, Беларусь және басқа да елдерден әртістер жиналады.

Опера академиясының тыңдаушылары айрықша концертте өнер көрсетеді

13 қарашада Халықаралық опера академиясының шәкірттері батыс еуропа композиторларының шығармаларынан құрылған «GRANDE OPERA» жаңа бірегей бағдарламасын ұсынады. Солистерді концертке дайындауға атақты орындаушы, «Геликон-опера» театры (Мәскеу) жастар бағдарламасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Марина Мещерякова қатысады.

WE ARE THE WORLD алғаш рет Қазақстанда

2022 жылғы 13 қараша Қазақстандағы Франция Елшілігінің қолдауымен «Астана Операда» «We Are the World» (Біз – тұтас әлем) халықаралық балалар сурет көрмесінің ашылуы өтеді, шараның мақсаты – жасампаз дағдыларды дамыту, жас дарындарды анықтау және қолдау.

«Ең жоғары мақтауға лайық»: Мәскеуде «Астана Операның» гастролі аяқталды

«Астана Опера» балет труппасының Кремль сарайы сахнасындағы өнер көрсетуіне Мәскеу «Бәрекелді» деп ду қол шапалақтап, зор қошемет көрсетті! Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы аясында қазақстандық труппа ұсынған «Бақшасарай бұрқағы» театр сүйер қауым мен музыкалық сыншылардың жоғары пікірлеріне ие болды.

Күләш Байсейітованың әні

Опера сахнасының аңызы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Күләш Байсейітованың 110 жылдығына орай 29 қазанда «Астана Операда» «Қазақстанның вокалистер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Күләштің әні» вокалдық музыка кеші өтеді. Концерт аясында Күләш Байсейітованың шығармашылығын насихаттап жүрген орындаушыларды салтанатты марапаттау рәсімі болады.

Музыкадағы заманауи романтиктер

Күздің соңғы айында «Астана Опера» театрында елорда тұрғындары мен қонақтарын «Романтиктер мен замандастар» ұмытылмас музыкалық кеші күтеді. 25 қарашада елордалық сахнаға жас болса да, отандық және шетелдік көрермендерге жақсы таныс орындаушылар шығады.

Астанада Umai ұлттық сыйлығы мүсіншесінің таныстырылымы өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тағайындаған еліміздегі алғашқы Umai ұлттық сыйлығы – бұл театрлық «Оскардың» аналогы. Үш ай бойы Қазақстанның атақты суретшілері Umai сыйлығы мүсіншесі сызбасының авторы болу құқығы үшін таласты.

Республика күнінде елордада «Мерекелік шашу» концерті өтеді

25 қазан – Республика күнінде елорда тұрғындары мен қонақтарын «Мерекелік шашу» концерті күтеді. Музыкалық кеш «Астана Опера» сахнасында, К.Байсейітова атындағы Камералық залда өтеді, онда «Астана Операның» танымал солистері мен әйгілі «Қазақстан камератасы» классикалық музыка ансамблінің әртістері өнер көрсетеді.

Италиялық коуч Astana Opera Халықаралық опера академиясының әншілері үшін шеберлік сағатын өткізуде

Әйгілі опера орындаушысы әрі вокал бойынша коуч Анна Вандидің (Италия) шеберлік сағаты Astana Opera Халықаралық опера академиясында қорытынды оқу жылын ашады. Жақын айларда жас әншілерді мазмұнды оқу бағдарламасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов, Жұпар Ғабдуллина, Талғат Мұсабаев секілді сұранысқа ие оқытушылар, сондай-ақ көрермендермен жаңа кездесулер күтеді.