Мазмұнға өту

Category: Репертуар каз

Аттила

Пролог оқиғасы Римнің Аквилея қаласы мен Адриатика мүйісінде басталады, ал басқа бөлімдер көрінісі Рим маңында өрбиді (452-453 жж.).

Травиата

Либретто авторы Франческо Мария Пиаве, Александр Дюманың (кіші) «Камелия ұстаған ханым» романы бойынша. Тұсаукесері 1853 жылы 6 наурызда «Ла Фениче» театрында өтті (Венеция). «Астана Операда» премьерасы 2014 жылы 22 қазанда өтті.

Аида

Оқиға Мемфис және Фива жерінде перғауындардың кұдіретті заманында өрбиді.

Абай

Либреттосын жазған Мұхтар Әуезов. Премьерасы 1944 жылы 24 желтоқсанда Абай атындағы МАОБТ өтті. «Астана Опера» театрында тұсаукесері 2015 жылы 25 қыркүйекте өтті.

Мадам Баттерфляй

Либреттосын жазған Луиджи Иллика мен Джузеппе Джакоза, Давид Беласконың «Гейша» драмасы бойынша. Тұсаукесері 1904 жылы 17 ақпанда Ла Скалада өтті. «Астана Опера» театрында тұсаукесері 2016 жылы 15, 16 сәуірде өтті.

Қыз Жібек

Либреттосын жазған Ғабит Мүсірепов, аттас қазақ халық дастанының желісі бойынша. Премьерасы 1934 жылы 7 қарашада Абай атындағы опера және балет театрында өтті. «Астана Опера» театрындағы тұсаукесері – 2017 жылғы 10, 11 ақпанда.

Кармен

Либреттосын жазған Анри Мельяк және Людовик Галеви, Проспер Мерименің аттас новелласы бойынша. Тұсаукесері 1875 жылы 3 наурызда Париждегі Опера Комик театрында өтті. «Астана Опера» театрындағы тұсаукесері – 2017 жылдың 17, 18 қарашасы.

Турандот

Либретто авторлары Джузеппе Адами және Ренато Симони, Карло Гоццидың аттас ертегісінің желісімен. Алғашқы қойылым 1926 жылдың 25 сәуірінде Миланда өтті. «Астана Опера» театрындағы премьерасы – 2018 жылғы 22-23 маусым.