Мазмұнға өту

Баядерка

Людвиг Минкус

Балет

Либреттосын жазған Мариус Петипа мен Сергей Худеков. Хореография авторы Мариус Петипа. Владимир Пономарев-пен Вахтанг Чабукиани редакциясында, Константин Сергеев пен Николай Зубковскийдің жекелеген билерімен.

3 бөлімді, 5 көріністі балет 

Тұсаукесері 1877 жылы 23 қаңтарда Үлкен театрда өтті (Санкт-Петербург) 

«Астана Операда» премьерасы 2015 жылы 25 желтоқсанда өтті

I БӨЛІМ

Бірінші көрініс 

Ақсүйек жастар жолбарыс аулаудан қайтып келеді. Атақты жауынгер Солор факир Магедавеяға баядерка Никияны түнде ғибадатхана жанында күтетінін айтуды тапсырады.

Салтанатты түрде Ұлы брамин мен діни қызметкерлер, баядеркалар мен ғибадатхана қызметшілері шығады, осылай отқа табыну мейрамы басталады. Салтанаттың шарықтау шегі – Никияның әдемі биі.

Діни дәрежесі мен некелеспеу антын ұмытқан Ұлы брамин Никияға шынайы сезімін білдіреді. Оған Үнді елінің бар байлығын алып беруге уәде етеді. Бірақ, үрейленген Никия одан бас тартады. 

Түнде Никия Солормен жасырын кездеседі. Солор баядерканы ешкім білмейтін жерге қашуға көндіріп, бірге бақытты болатындарына сендіреді. Алайда, бұл жағдайдың куәгері болған Ұлы брамин олардан кек алуға ант береді. 

Екінші көрініс 

Раджа Дугманта өзінің қызы Гамзаттиге үздік әрі айбынды жауынгер – Солордың әйелі болатынын жариялайды. Гамзатти қатты қуанады, ал Солор абыржулы: оның мұндай жоғары құрметтен бас тартуы қиын, бірақ ол Никияны сүйеді және оған адалдық антын берген! 

Гамзаттидің некелесу рәсімін өткізу үшін сарайға Никия шақырылады. Осы кезде Ұлы брамин де келеді. Ол бәсекелесін құрту есебімен Никия мен Солордың махаббаттары туралы раджаға айтып береді. Дугманта қатты ашуланғанымен, шешімін өзгертпейді: Солор оның қызына үйленеді, ал баядерка өлуі тиіс. Оқиғаның бұлай аяқталуын күтпеген Брамин раджаны баядерканың өлімі үшін құдайлардың қарғысымен қорқытады, алайда Дугманта сөзінен қайтар емес.

Бұл әңгімені астыртын естіп қалаған Гамзатти күң қызға Никияны алып келуін бұйырады және оған жігітінің суретін әдейі көрсетеді. Никия қатты ашынып, қарсылық білдіреді: Солор оны ғана сүйеді, тек оған тиесілі. Гамзатти Никияға Солордан бас тартуды бұйырып, жалынады, бірақ баядерканың сүйіктісінен айырылғанша өлгені артық. Никия ашуға беріліп, бақталасына қанжармен ұмтылады. Гамзиттиді ажалдан тек қызметші әйел алып қалады.

II БӨЛІМ

Үшінші көрініс 

Раджа сарайының алаңы. Гамзатти мен Солордың үйлену тойы. 

Билеп жүрген Никияға гүл себеті ұсынылады. Оның ішінен шыққан жылан баядерканы шағып алады. Бұл Гамзаттидің кек алуы. 

Ұлы брамин Никияға, егер Солорды ұмытса, у қайтаратын дәрі беретінін айтады. Бірақ, Никия өлім алдында өз махаббатына адал қалып, сүйіктісіне сөз бергенін ескертеді.

III БӨЛІМ

Төртінші көрініс 

Солор күйзеліп, қатты өкінуде. Магедавея жас жігітті ауыр ойлардан алыстатуға тырысып, жылан арбаушыны шақырады. Флейтаның үнімен Солор ұйқыға батады.

Бесінші көрініс 

Солордың көз алдына қараңғыдан аруақтар көріне бастайды. Олар тау шатқалынан ұзынынан тізбектеліп түсіп келеді. Арасынан Никияны көреді. Ол оны шақырады…

Published in Репертуар каз