Мазмұнға өту

Дон Кихот

Людвиг Минкус

Балет

Хореография авторлары Мариус Петипа және Александр Горский. Либреттосын жазған М.Петипа, М. Сервантес романының желісі бойынша. Әлемдік тұсаукесері – 1869 жылы 14 желтоқсанда Үлкен театрда өтті, Мәскеу (М. Петипа хореографиясы).

Прологы бар 2 бөлімді (5 көріністі) балет

Мариин театрында тұсаукесері – 1902 жылғы 20 қаңтарда өтті (А.Горскийдің нұсқасы)

«Астана Операда» премьерасы 2016 жылы 25-26 қарашада өтті

Кіріспе

Рыцарлық романдарды көп оқыған Дон Кихот, қызметшісі Санчо Пансаны өзінің атқосшысы етіп, хикаялар әлеміне саяхатқа аттанады. 

І БӨЛІМ

Бірінші көрініс 

Барселонадағы Лоренцо дәмханасының алаңында халық көңіл көтеруде. Олардың арасында дәмхана иесінің қызы – жалынды Китри мен оған ғашық шаштараз Базиль де бар. Лоренцоға кедей күйеу бала керек емес, оның жүрегіне Китриге үйленгісі келетін бай ақсүйек Гамаш жақын. 

Халық, көше бишісі мен тореадор Эспаданы қошеметке бөлейді. Дон Кихоттың келуі үлкен қызығушылық туғызады. Саяхатшы дастарханға шақырылады, ал толық келген Санчо Пансаны қыздар мазақ қылады.

Дон Кихот Китридің сұлулығына тамсанады. Мүмкін, қиялындағы әдемі Дульцинея осы қыз болар?

Екінші көрініс

Китри мен Базиль болса, Лоренцо мен Гамаштан қашып кетеді. Олар сығандар тобырына тап болады. Көп ұзамай осында Дон Кихот та келеді.

Дон Кихотқа қауіп төніп тұрғандай көрінеді де, ол жел диірменімен күрес жүргізеді.

Үшінші көрініс

Ұйықтап кеткен Дон Кихот түсінде дриада патшалығында болып, сұлу Дульцинея бейнесіндегі Китриді елестетеді.

ІІ БӨЛІМ

Бірінші көрініс

Дәмханада жастар көңіл көтеріп, билеуде. Олардың арасында Китри мен Базиль де бар.

Лоренцо ғашықтардың үстінен түседі. Китиридің күйеуі Гамаш болуы тиіс.

Базиль өзін-өзі өлтіру көрінісін ойнайды. Китри, Дон Кихоттан Базильдің өлім алдындағы аманатын орындауды – олардың махаббаттарына бата беруге әкесін көндіруді өтінеді. Лоренцо қызының тілегін орындап болысымен, Базильге «жан бітеді».

Екінші көрініс

Китри мен Базильдің үйлену тойы. Құрметті қонақтар арасында Дон Кихоттың орны ерекше. Жас жұбайларға бақыт тілей отырып, асыл сері жолға аттанады. Оны жаңа оқиғалар күтуде. 

Published in Репертуар каз