Лео Делиб
Балет
Либретто авторлары – Шарль Луи Этьен Нюитер мен Артюр Сен-Леон, Эрнст Теодор Амадей Гофманның «Құм адам» новелласы бойынша. Ролан Петидің хореографиясы.
Екі бөлімді күлдіргі балет
Алғашқы қойылым – 1870 жылғы 25 мамыр, Париж Операсы
Р.Пети балетінің премьерасы 1975 жылы Марсель балетінде өтті
«Астана Опера» театрындағы премьерасы – 2019 жылғы 22-23 қараша
«Астана Опера» театры «Ролан Пети балеттері» Қорымен (Франция) бірлесе
БІРІНШІ БӨЛІМ
Гарнизон орналасқан шағын қалашық. Жергілікті сұлулардың бәрі сарбаздарға ғашық. Қыздар казармаға қарама-қарсы тұрғандықтан, әскерилерді сыртынан бақылап, оларға көз қырларын салуда. Балкондардың бірінде жүзін желпуішпен жасырған жұмбақ қыз ғана қимылсыз отыр. Алаңға шыққан сарбаздарға бикештер келіп қосылып, қуаныш пен шаттыққа толы биді бастайды. Сванильда Францқа ғашықтығын білдіреді. Қыздың жүрегі Францқа деген назға толы болғанымен, жігіттің көңілі балкондағы бейтаныс аруға ауған. Коппелиус келеді, ол Сванильданы шын сүйеді. Коппелиус толқу үстінде үйінің кілтін жоғалтқан. Оны тауып алған Сванильда достарымен бірге Коппелиустың үйіне кіруге бел буады. Коппелияға тамсанған Франц та бұларға қосылады.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Коппелиустың үйі. Сванильда шымылдық артынан жұмыс құралдарын, адамдарға ұқсас қуыршақтарды, сондай-ақ олардың қосалқы бөлшектерін табады. Қуыршақ Коппелияға қызыққан Сванильда ойыншықтың жүзін жасырған желпуішті түсіріп, одан өзінің көшірмесін таниды: демек, Коппелиус оған ғашық. Шуды естіген Сванильда жасырынып қалады. Үйіне келген Коппелиус кешкі асқа дайындала бастайды. Ол қуыршақты кәдімгі адамдай қабылдайды: дастарханға отырғызып, шампан құяды және оның ернін сүртеді.
Кенеттен Франц келеді. Аңдаусызда қолға түскен Коппелиус қуыршақты шымылдықтың артына жасырады да, ештеңе болмағандай Францпен амандасады. Оған ішімдік құяды, ол мастанған соң бокалына сиқырлы у сеуіп жібереді. Франц есінен танып қалады, ал Коппелиус дуалап Францтың жанын Коппелияға қондырып, қуыршақты тірілткісі келеді. Алайда оның орнына нағыз Сванильда шығып, тоқтаусыз билей жөнеледі. Коппелиус оған ғашық екенін айтады, ал қыз болса бұрынғыша Францты ғана аңсайды. Өз өтірігіне дән риза Сванильда шебердің үйіндегі бар дүниені қиратып, желпуішпен жасырынады. Қайғыға батқан Коппелиус Сванильдаға сезімін білдіргенін түсінеді. Осының бәріне куә болған Сванильданың достары шеберді күлкі етеді.
Тағы да қалалық алаңда қыздар мен сарбаздар жиналды. Коппелиус қуыршақты қолына алады. Сванильда мен Франц көтеріңкі көңіл-күймен канкан билеуде. Қыздар бір-бір сарбазбен қосақтасып, кете барады. Алаңда Сванильда мен Франц және өз Коппелиясын қақ жарған Коппелиус қалады. Сванильдаға ұқсас қуыршақтың басы жерге домалап түседі. Зәресі ұшқан Сванильда Коппелиусқа қарай жақындағысы келеді, бірақ қызды Франц ұстап қалады.
Бақытты қос ғашық кетеді, ал Коппелиус жалғыз қалады.