Джузеппе Верди
Опера
Либретто авторы Франческо Мария Пиаве, Александр Дюманың (кіші) «Камелия ұстаған ханым» романы бойынша. Тұсаукесері 1853 жылы 6 наурызда «Ла Фениче» театрында өтті (Венеция). «Астана Операда» премьерасы 2014 жылы 22 қазанда өтті.
3 бөлімді опера
Йозеф Свободаның үлгілері бойынша жасалған декорациялар
Перголези Спонтини Қорының меншігі болып табылады (Йези қ.)
Итальян тілінде орындалады
(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)
І БӨЛІМ
Өзінің Париждік салонында сауық кешін өткізіп жатқан куртизанка Виолетта Валери табынушысы Альфред Жермонмен танысады. Екеуі оңаша қалғанда Альфред оған өзінің сезімін білдіреді. Алдымен наразылық танытқан Виолетта артынан жұмсарып, келесі күні кездесуді ұсынады. Виолетта еркіндік пен махаббаттың екі арасында қалып, қайсысына таңдау жасарын білмейді. Ақыры махаббатқа тоқтам жасайды.
ІІ БӨЛІМ
Бақыт құшағындағы қос ғашық Париж маңында өмір сүруде. Күтпеген жерден Альфред Виолеттаның, үйреншікті тұрмыс қалпын сақтау үшін, мүліктерін сатып жатқанын біледі. Ол қаражат табу үшін кідірместен Парижге аттанып кетеді. Виолетта өзінің құрбысы Флорадан сауық кешіне қатысуға шақыру алады. Альфред жоқта, оның әкесі Жорж Жермон Виолеттаға келіп, ұлымен арақатынасын үзуге көндірмек болады. Әке тілегіне көнген ол қоштасу хатын жазады. Қайтып оралған Альфред толқу үстіндегі Виолеттаның көз жасына аң-таң, ал артынан, ғашығы кетісімен хатты тауып, қатты күйзеледі.
Виолетта Флораның сауық кешіне өзінің жаңа қамқоршысы, барон Дюфольмен келеді. Альфред те осында және карта ойнау барысында баронмен жанжалдасып, азғыруға тырысады. Артынша ол Виолеттаны елдің көзінше опасыздық жасады деп айыптайды. Виолетта есінен танып қалады. Әкесі келіп, ұлының жасаған қылығын айыптайды. Барон Альфредті жекпе-жекке шақырады.
ІІІ БӨЛІМ
Арада алты ай өтті. Айықпас дертке ұшыраған әрі достары тастап кеткен Виолетта қайғыдан біртіндеп солып барады. Ол Жорж Жермонның хатын қайта оқиды, онда Альфредтің баронмен болған жекпе-жектен соң шетелге кеткені, Виолеттаның өзін құрбан еткенін білісімен, оған кешірім сұрауға келе жатқаны туралы жазылған. Қызметшісі Альфредтің келгенін хабарлайды. Қайта қосылған ғашықтар Парижден кетіп, жаңа өмір бастауды жоспарлайды. Алайда, Виолеттаның күші таусылуда. Ол қайтыс болады.