Мазмұнға өту

Umai сыйлығына қатысуға жүзден астам үміткер өтінім берді

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі тағайындаған Umai ұлттық сыйлығы өнер адамдарының зор қызығушылығын оятты. Бірнеше айдың ішінде «Астана Операның» ұйымдастыру комитетіне Қазақстанның барлық бұрышынан жүзден астам өтінім түсті, дегенмен өңірлердегі мәдениет қайраткерлері барынша белсенді болып шықты. 

Осы байқауды өткізу алаңына айналған «Астана Опера» театры ұйымдастыру комитеті қызметкерлерінің айтуынша, өтінімдер барлық номинациялар бойынша бірдей келіп түсуде. Оларға өзіндік бағаны сараптау комиссиясы беретініне қарамастан, ұйымдастыру комитеті қазірдің өзінде жолданған жұмыстарға тәнті болуда. 

– Байқаудың барлық қатысушылары: шығармашылық ұжымдар, оқу орындары құжаттарды жинауға жауапкершілікпен қарағаны қуантады, олар өз жұмыстары туралы сауатты жасалған ақпаратты жолдауда, бұған, әлбетте, көңілің толады. Біз республикамыздың барлық дерлік өңірінен өтінімдер қабылдадық. Сосын біз оларды өңдеп, сараптау комиссиясының мүшелеріне жібереміз, олардың алдында үздіктердің үздігін таңдау міндеті тұр, – деп қорытындылады ұйымдастыру комитетінің қызметкерлері. 

Байқауға өтінімдерді қабылдау 9 желтоқсанға дейін созылады. Ал жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі 2022 жылы 23 желтоқсанда «Астана Опера» театрының Үлкен залында өтеді. 

 Umai сыйлығы жас өнер және мәдениет қайраткерлері үшін белгілі бір бағдар, мақсатқа қадам болып табылады. Сыйлық атауының символдық мәні бар, өйткені ол бізді түп-тамырымызға, терең философиялық тақырыптарға оралтып, өз жерімізге, табиғатымызға ұқыпты қарауға үндейді. 

Еске сала кетейік, Ұлттық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 миллион теңгені құрады. Ол 4 бағыт бойынша тағайындалады: «Театр өнері», «Хореографиялық өнер», «Музыкалық-орындаушылық өнер», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер», олардың әрбіреуінде жеке сыйлықтар анықталған. 

Published in Жаңалықтар