Мазмұнға өту

Category: Жаңалықтар

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай «Абай» операсы орындалды

А.Жұбанов, Л.Хамидидің аңызға айналған «Абай» операсы 27-28 мамырда «Астана Опера» сахнасында орындалды. Спектакль басталар алдында театр ұжымы биыл елімізде 125 жылдық мерейтойы кеңінен атап өтіліп жатқан қазақ әдебиетінің ұлы классигі Мұхтар Әуезовке құрмет көрсетті.

«Астана Операның» жас опера режиссері Халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

«Астана Опера» театрының режиссері Еренбақ Тойкенов Мәскеуде өткен «Нано-Опера» V Халықаралық жас опера режиссерлері байқауында жүлделі екінші орынды иеленді. Ол жоғары кәсіби дайындық деңгейін, шеберлігі мен шексіз шығармашылық дарынын, сондай-ақ Қазақстанның опералық режиссура саласындағы бәсекеге қабілеттілігін паш етті.

Еліміздің оңтүстігінде «Астана Операның» жазғы гастролі өтеді

«Астана Опера» балет труппасы Түркістанға гастрольге аттанады, ол жерде әртістерді 4-5 маусымда күтеді, араға екі күн салып, яғни 7-8 маусымда труппа Шымкентте өнер көрсетеді. Ұлы өнерді түсінетін және қадірлейтін бұл қалалар түркі әлемінің бесігі, еліміздің рухани-тарихи орталығы саналады.