Мазмұнға өту

Category: Жаңалықтар

«Астана Опера» және «Halyk Bank»: меценаттықтың жақсы дәстүрі

24 маусымда «Астана Операда» театрдың бас демеушісі «Halyk Bank» акционерлік қоғамы журналистер мен блогерлерге арнап ұйымдастырған баспасөз туры өтті. Шара барысында еліміздің бас сахнасы мен Қазақстанның ірі банкінің театр өнерінің дамуы саласындағы ынтымақтастығы жөнінде әңгіме өрбіді.

Елордалық әртістер Ақтөбеде өнер көрсетеді

«Астана Опера» Ақтөбеге гастрольге аттанады, әртістердің өнер көрсетулері ERG қолдауымен 28 маусымда Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының сахнасында, атап айтсақ «Өнер орталығы» концерттік залында өтеді.

«Дон Жуан» елорданы баурап алды

ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясының шәкірттері елордалық көрермендерді премьералық қойылыммен таңғалдырды. Вольфганг Амадей Моцарттың аңызға айналған «Дон Жуаны» 14-15 маусымда Үлкен зал сахнасында ұсынылды.

Рудныйдағы гастроль: алғашқы нотадан басталған махаббат

«Астана Опера» әртістерінің Рудныйдағы өнер көрсетулері таңданысқа толы пікірлермен және ду қол шапалақтаумен өз мәресіне жетті. Қазақстан қалаларына гастрольдік саяхат аясында елордалық театрдың опера труппасы мен Камералық оркестрі алғаш рет Қостанай облысының өнеркәсіптік орталығында болып, жергілікті орындаушылық өнер табынушыларының жүрегін мәңгіге жаулап алды.

Қазақстандықтың есімі бүкіл Жапонияға жайылды

«Астана Опера» театрының жетекші солисі Арман Уразов Жапония жұртшылығын өзіне қаратты. Оның есімі Морис Жаррдың музыкасына көрнекті хореограф Ролан Петидің «Париж Құдай анасының соборы» спектаклі афишасының сәнін келтірді. Отандасымыз 11-12 маусымда Maki Asami Ballet танымал жапондық труппасымен өнер көрсетіп, қазақстандық балет өнерінің жоғары деңгейін паш етті.

«Шехеразада» мен «Шопениана» Түркістан мен Шымкентті қайран қалдырды

«Астана Опера» Түркістан мен Шымкенттегі гастролін аяқтады. Елордалық театрдың балет труппасы мұнда алғаш рет өнер көрсеткендіктен, саяхатқа деген қызығушылық зор болды. Төрт күн, яғни 4, 5, 7 және 8 маусым түркістандық және шымкенттік көрермендер үшін ұлы өнер салтанатына айналды.

Көне эпос кейіпкерлері елордалық сахнада жанданады

Елордалық театр репертуарын жуырда ғана толықтырған Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» операсы 5 маусымда «Астана Опера» сахнасында зор жетістікпен қойылды. Бұл кеште ержүрек батыр Алпамыс пен қаһарлы Тайшық ханның басты партияларында елордалық сахнаға алғаш рет театрдың жетекші солистері Талғат Ғалеев пен Евгений Чайников шықты.

Биік өкшедегі топ

«Астана Операға» келген әрбір адам ең алдымен театр залдарында бейімделуге көмектесіп, кеште сахнада өнер көрсететін әртістердің есімдері бар бағдарламаны ұсына алатын осынау қонақжай маман иелеріне, немесе ел аузында айтылып жүрген көз тартарлық «биік өкшедегі топқа» жүгінетіні анық. Біз «Астана Операның» көрермендерге қызмет көрсету департаментінің күлімкөз қыздарының дағдылы жұмыс күндерінің бірі қалай өтетіні жайлы әңгімелеуді жөн санадық.

Еліміз Жаңа Қазақстанның болашағы үшін дауыс берді

Бүгін еліміздің алдағы өміріне әсер ететін маңызды оқиға орын алды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізу туралы ұсынысын қазақстандықтар қызу қолдады.