«Астана Операның» бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, әлемге әйгілі маэстро Алан Бөрібаевтың «Парижден кәдесый!» авторлық бағдарламасы 14-15 шілдеде «Астана Операның» IX театрлық маусымын аяқтайды.
Category: Жаңалықтар
«Астана Опера» солистері мен симфониялық оркестр музыканттары Петропавлда «Qyzyljar music fest» бірінші халықаралық фестивалін тамаша аяқтады.
«Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжанның өнер көрсетулерінің географиясы жылдан жылға кеңеюде. Осы жаздың өзінде оны әлемнің бірқатар елдерінде күтуде.
Елорданың мейлінше көп тұрғыны «Астана Операның» досына айналуда. Көрермендерге жақындай түсуге және ынтымақтасуға бағытталған арнайы жоба аясында «Достар клубына» кереметпен танысқысы келетін театрсүйер қауым, сондай-ақ өнердің осы түрін дамытуға қолғабыс етуге дайын компания өкілдері, оның ішінде шетелдіктер қосылуда.
Көрнекті италиялық композитор Джакомо Пуччинидің әйгілі «Богема» операсы театрдың арт-менеджері, маэстро Джузеппе Акуавиваның жетекшілігімен 1-2 шілдеде «Астана Операда» тыңдармандарға ұсынылды.
Әлемге әйгілі музыкант – бандонеоншы Марио Стефано Пьетродарки «Астана Операда» өз өнерін ұсынады. 3 шілдеде La Nuova Dolce Vita концертінде италиялық шебермен бірге театрдың Мәрмәр залының сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен «Астана Опера» Симфониялық оркестрі өнер көрсетеді.
2018 жылдан бері шілденің бірінші жексенбісінде еліміз Ұлттық домбыра күнін атап өтеді. Бұл айтулы дата дәстүрлі қазақ халық аспабына деген қызығушылықты арттырып, оның төл өнерімізде алатын биік орнын айшықтай түсті.
«Астана Опера» Қазақстанның бес қаласына екі айға созылып, шаттанған мыңдаған көрермен жинаған ауқымды гастрольдік сапарын аяқтады. 28 маусымда Ақтөбеде елордалық труппаның ақтық өнер көрсетуі жоғары деңгейде өтті.
Мәдениет пен өнер тақырыбына материалдар жариялап жүрген БАҚ өкілдеріне жыл сайынғы «Алтын Томирис» журналистік сыйлығын ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев табыстайды.
28 маусымда елорда тұрғындары мен қонақтарын «Астана Опера» әртістерінің қатысуымен болатын ұмытылмас балет кеші күтеді.