23 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарын «Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы Камералық залы сахнасында «Қыркүйектің кереметі» деген романтикалық атпен концерт күтеді.
Category: Жаңалықтар
Astana Opera опера академиясының тыңдаушылары қыркүйектің 5-11 аралығында Будапештте (Венгрия) өтетін Ева Мартонның V Халықаралық вокалистер байқауына қатысады.
«Астана Опера» сахнасында гастролін қорытындылаған Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының әртістері мен музыканттарын Нұр-Сұлтанның көрермендері ду қол шапалақпен шығарып салды.
«Астана Опера» Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі өнер ұжымдарымен достықты нығайта түсуде. 27-28 тамызда Түркістан музыкалық драма театрының әртістері елордалық театрдың Үлкен залы сахнасында гастрольдік сапармен өнер көрсетеді.
Жуырда «Астана Операда», елордалық әуежай мен «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында арт-дүкендер ашылады, онда театрдың символикасы бар кәдесый, киім-кешек, сондай-ақ басқа да тауарларды сатып алуға болады.
«Астана Опера» маусым аяқталғанда немен айналысады?» Жазда елордалық театрдың сәулетті ғимаратының жанында серуендейтін көптеген адамдарды осы сауал толғандыруы мүмкін. Сахна сыртындағы өмір жайлы әңгімелейтін репортаждар аясында бұл жолы оқырмандарға театрдың жүрегі – сахнаның қалай орналасқанын көру ұсынылады.
«Астана Операда» 7-14 тамыз аралығында Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының гастролі өтеді. Биыл 50 жылдық мерейтойын атап өтетін Мельпомена ордасы елордалық көрермендерге мюзикл, оперетта, сондай-ақ музыкалық ертегілер ұсынады. Барлық спектакльдер, оның ішінде балаларға арналған қойылымдар симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді, оркестрге дирижерлік етуге Николай Макаревич (Минск қаласы, Беларусь Республикасы) шақырылды.
22 шілде мен 6 тамызда К.Байсейітова атындағы Камералық залда «Астана Операдағы» музыкалық демалыс» дәстүрге айналған жазғы концерттері өтеді. Елордалық театрда дарынды қазақстандық әртістер, халықаралық байқаулардың лауреаттары – республикамыздың жетекші шығармашылық жоғары оқу орындары мен шетелдің беделді білім ордаларында оқитын студенттер өнер көрсетеді.
Өткен жұма күні еліміздің бас театры – «Астана Опера» өзінің IХ маусымын аяқтады. Оның таңғалдыратын қорытындысына ұзақ тамсануға болады: Қазақстан бойынша 10 гастроль, әртістердің марапаттары, фестивальдегі аталымдар таңдай қақтырды, шығармашылық ұжым көрермендерді үш әйгілі премьералық спектакльмен қуантты. Ал 9 қыркүйекте ашылатын жаңа маусымда театр негізі қалануының 10 жылдығын жарқыратып атап өтеді.
Оркестрдің музыкалық «алыптары» – контрабастар – алғаш рет «Астана Операда» GUYS WITH CONRABASS концертін ұсынады. 16 шілдеде К.Байсейітова атындағы Камералық залда театрдың Симфониялық оркестрінің жарқын әртістері барлық аспаптардың ішіндегі ең ірісінің дыбыс шығарудағы сан қырлылығы мен асқан шеберлігін паш етеді.