Қуанышпен аяқталатын ертегіні кім жақсы көрмейді? «Астана Опера» театры «Күлбике» балеттік спектаклінің қойылымын жүзеге асыруды қолға алды, бұған қоса оны үлкендерге де, балаларға да қызықты етіп жасамақ. Алайда жас ұрпақ мейірімсіз өгей шешесі үй қызметшісіне айналдырған бойжеткеннің хикаясына шындап үңілуі үшін басты кейіпкер фэшн-дизайнердің кейпіне енсе, ал ханзада ди-джей бейнесінде шығады. Мұның нәтижесі қандай болады, оны 8-9 қазанда премьерада білеміз.
Category: Жаңалықтар
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан бүгінде, сірә, елдегі және шетелдегі ең танымал әрі сұранысқа ие қазақстандық биші. Ол күллі әлем бойынша гастролін ойдағыдай жалғастырып, үздік театр сахналарында «Астана Операны» ғана емес, сонымен бірге тұтас отандық балетті таныстырып келеді.
Қазақстанның жетекші шығармашылық ұжымдары 13 қыркүйекте VII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі аясында «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетті.
«Астана Операның» оныншы мерейтойлық маусымының ашылуы ду қол шапалақтаумен және «Бәрекелді» деген дауыстармен өтті. Көрікті, біртума, кәсіби жаңашыл корей опера жұлдызы Суми Чо «Астана Операның» асқан әншілері Азамат Жылтыркөзов, Медет Чотабаев және Татьяна Вицинскаямен бірге елордалық театрдың Үлкен залы сахнасында жарқырады. Гала-опера әлемге әйгілі маэстро Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен зор табыспен өтті.
Жазғы демалыстан оралған «Астана Опера» балет труппасы оныншы мерейтойлық маусымда зор шабытпен және шығармашылық күшпен ұлы өнер табынушыларын әлемдік хореография жауһарларымен қарсы алуға дайындалуда.
«Астана Опера» опера труппасының солистері үшін театр қабырғасындағы өнер көрсетулермен қатар, шығармашылық қызметтің маңызды бөлігі гастроль болып табылады.
«Астана Опера» үшін маңызды күн таяп қалды – 9 қыркүйекте театрдың Х мерейтойлық маусымы басталады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров елімізден тыс жерде де танымал болып үлгерген шығармашылық ұжымның көрермен қауымға не дайындағаны туралы айтып берді.
«Астана Опера» театрының Х мерейтойлық маусымы 9 қыркүйекте басталады, әлемдік сахнаның примадоннасы, «Грэмми» сыйлығының иегері Суми Чо және қазақстандық опера жұлдыздарының қатысуымен «Астана Операның» бас дирижері Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен көрермендер назарына Гала-опера ұсынылады.
Мектепке қамдану – күрделі де шығынды кезең. 1 қыркүйекке орайластырылған қайырымдылық акциясы аясында «Астана Опера» ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен осындай күрделі істе елорданың аз қамтылған және көп балалы отбасыларына қол ұшын берді. Театр еріктілері бақытты оқушыларға сыйлықтарды өз қолдарымен табыстады.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өнер саласында «Umai» Ұлттық сыйлығына бәйге жариялады. «Астана Операда» үздік кәсіби жетістіктері мен елеулі шығармашылық табыстары үшін жекелеген өнер қайраткерлері мен ұжымдарды қолдауға бағытталған байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды.