Мазмұнға өту

Category: Жаңалықтар

Umai — өнер адамдары үшін шығармашылық көзі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі өнер саласында Umai ұлттық сыйлығын тағайындады. Бұл сыйлық – мәдени қауымдастықта сапаның ерекше белгісі, ал ұлттық дәрежесі оны Қазақстандағы ең беделді сыйлықтардың бірі етеді. Осыған орай сыйлық бүкіл еліміздің шығармашылық адамдарының қызығушылығын оятады деп күтілуде. Бұл туралы өз сұхбатында «Астана Опера» театрының режиссері Еренбақ Тойкенов айтып берді.

«Астана Операдан» ғажайып «Жизель»

А.Аданның елес қыздар жайлы көне, тылсым аңыз желісі бойынша жазған таңғажайып «Жизель» балеті «Астана Опера» балет труппасының орындауында 22-23 қазанда елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылады. Классикалық хореография жауһары ұжымның көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі, әлемдік балет жұлдызы Алтынай Асылмұратованың қойылымында «Астана Балет» театры сахнасында өтеді.

«Астана Операда» «Күлбике» балетінің жаңа нұсқасының әлемдік премьерасы өтті

С.Прокофьевтің музыкасына әйгілі хореограф Раймондо Ребектің «Астана Опера» сахнасында қойған осы жылдың ең көп айтылған әрі асыға күткен премьерасы – «Күлбике» балеті көрермендердің зор қызығушылығына ие болды. Сүйікті ертегінің бірегей интерпретациясы, жарасымды әзілдің көптігі басты кейіпкерлердің бейнелерін басқа қырынан көруге мүмкіндік берді.

Қалай UMAI ұлттық сыйлығының қатысушысы атануға болады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі өнер саласы өкілдерін қолдау мақсатында жаңа жобаны іске қосуда. Қазақстанның өнер саласындағы UMAI ұлттық сыйлығының ұйымдастыру комитеті шығармашылық ұжымдар, әртістер, отандық мәдениет қайраткерлері мен барлық жас дарындарды байқауға белсенді қатысуға шақырды.

Музыка уақыты

Қазан айының басында «Астана Опера» театрында ұлы өнерді ұнататын жандарды айрықша Музыка күні күтеді: биыл мереке Х мерейтойлық маусым аясында өтеді. К.Байсейітова атындағы Камералық зал…

Қырғызстандықтар «Астана Опера» солисін зор қошеметпен қарсы алды

«Астана Опера» солисі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Серік Нақыспеков 23 қыркүйекте Қырғызстанның астанасы – Бішкек қаласында зор табыспен өнер көрсетті. А.Малдыбаев атындағы қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрында өткен Балет жұлдыздарының гала-кешінде қазақстандық әртіс көрермендерді өзінің кәсіби шеберлігімен және дарынымен тәнті етті.

«Астана Опера» труппасы Кремльде өнер көрсетеді

«Астана Опера» балет труппасы гастрольдік сапармен Мәскеуге аттанады. Өнер көрсету 29 қазанда Ресейдің ең танымал әрі беделді театрлық-концерттік алаңдарының бірі Кремль сарайының сахнасында өтеді. Ресей астанасы көрермендерінің назарына Борис Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балеті ұсынылады.

Әртістердің аңызға айналған операдағы дебюттері

Ұлттық өнер жауһары – Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсы 24-25 қыркүйекте «Астана Операда» дирижер Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен көпшілікке ұсынылды. Өнер көрсетудің түрлі күндері кейіпкерлер бейнесінде театр солистерінің жарқын дебюттері орын алды.

Туфли түріндегі Күлбике күймесі, гироскутер үстіндегі әртістер, «Астана Опера» немен таңғалдырады

«Астана Операдағы» «Күлбике» балетінің премьерасына дейін аз ғана уақыт қалды: 8-9 қазанда елорда тұрғындары мен қонақтары спектакльді мүлде жаңа дайындықта және интерпретацияда тамашалай алады. Жапондық сценограф Йоко Сеяма шын мәнінде соңғы үлгідегі қойылымның кейбір құпияларын ашып берді. Спектакльге жетекші театр сыншылары баға беруді жоспарлап отыр.

Опера академиясының шәкірттері беделді байқаудың ақтық додасына өтті

Astana Opera опера академиясының тыңдаушылары Гүлдана Алдадосова мен Дінмұхамед Көшкінбаев Будапешт қаласында өткен Ева Мартонның V Халықаралық вокалистер байқауының финалистері атанды. Жас орындаушылар Венгрия мемлекеттік опера оркестрінің сүйемелдеуімен ғаламат гала-концертте өнер көрсету мәртебесіне ие болды.