Мазмұнға өту

Category: Жаңалықтар

«Астана Операда» екі кеш бойы «Мадам Баттерфляй» ұсынылады

Жапондық гейшаның америкалық лейтенантқа деген махаббаты жайлы хикаяны «Астана Операда» 11-12 ақпанда баяндайды. Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсы батыс пен шығыс секілді екі әлемнің қақтығысын паш етеді. Оларды театр сахнасында шеберлермен қатар, Astana Opera Халықаралық опера академиясының жас тыңдаушылары таныстырады. Басты партияда Мәдина Исламова дебют жасаса, оның сүйіктісі Пинкертонды алғаш рет Саян Исин орындайды.

«Иоланта» операсын Халықаралық академия солистері орындайды

Петр Чайковскийдің «Иоланта» мәңгі өшпес туындысы «Астана Опера» Симфониялық оркестрі мен хорының сүйемелдеуімен Халықаралық опера академиясы солистерінің концерттік орындауында алғаш рет шырқалады. Классикалық музыка жанкүйерлеріне композитордың махаббаттың емдік күшін дәріптеген соңғы операсымен 28 ақпан мен 1 наурызда көптен күткен кездесудің сәті түседі. Қоюшы дирижер Руслан Баймурзин, қоюшы режиссёр – Еренбақ Тойкенов.

«Супер Әжелер» театрға келді

Өткен демалыс күндері «Астана Опера» сахнасында Гала-балет кеші зор табыспен өтті. «Супер Әже» әлеуметтік жобасының қатысушылары әрі ұйымдастырушылары кеш қонақтары болды. Әжелерді «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова жасаған мазмұнды концерт бағдарламасы, сондай-ақ елордалық балет труппасы әртістерінің техникалық және әртістік шеберлігі таңғалдырды.

«Дон Паскуале» операсындағы дебют

3 ақпанда «Астана Операда» «Piccolo» театры танымал жобасы аясында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына Г.Доницеттидің «Дон Паскуале» жарқын комедиялық операсы ұсынылды. Эрнесто партиясында К.Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасына алғаш рет Astana Opera Халықаралық опера академиясының тыңдаушысы, болашағынан үміт күттіретін жас тенор Әлихан Зейнолла шықты.

Әлемге әйгілі маэстро Алан Бөрібаев Венгрияда зор табыспен өнер көрсетті

«Астана Опера» театрының бас дирижері Алан Бөрібаев Будапеште С.Прокофьевтің «Соғыс және бейбітшілік» операсының жаңа венгриялық қойылымын зор табыспен жүзеге асырды.

Музыкалық Рождество

«Астана Опера» Рождество ізгі мейрамын атап өтеді: 7 қаңтарда К.Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасына «Рождество сыңғыры» концертінің жарқын бағдарламасымен елордалық театрдың тамаша опера солистері шығады.

«Щелкунчик» балетіндегі жаңа ханзадалар

Қаңтардың басында «Астана Опера» театрында П.Чайковскийдің әйгілі «Щелкунчик» балетінде Щелкунчик-Ханзада басты партиясында дарынды әртістердің жарқын дебюттері орын алады. Спектакльдің бірегейлігі қойылымды заманымыздың көрнекті балетмейстері, КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Юрий Григоровичтің жүзеге асыруында болып табылады.

Махаббат – барлық шынайылықтың негізі

Танымал қазақстандық композитор Балнұр Қыдырбектің музыкасына атақты режиссер Юрий Александровтың қойылымындағы «Қалқаман – Мамыр» ұлттық опера-балетінің ғаламат премьерасы асқақ өнер жанкүйерлеріне жаңа жылдық сыйлық болды. Қос ғашықтың хикаясы «Астана Опера» сахнасында вокалдық орындау мен классикалық би біріктірілген ерекше театрлық стильде қайта жанданды.

Жаңа жыл қарсаңында ғажайып орнасын!

«Астана Опера» театры өзінің ауқымды шығармашылық қызметінен бөлек, қайырымдылық акцияларына да белсенді қатысады. Жаңа жыл қарсаңында театр еріктілері ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балалар мен әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары үшін «Ғажайып орнасын» акциясын өткізді. Еріктілер балаларға тәтті сыйлықтар, ойыншықтар мен жемістер салынған себеттер тарту етті.