23 ақпан – бейсенбі – 19.00
Вокалдық музыка концерті
(Сергей Рахманиновтың 150 жылдығы және Евгений Нестеренконың 85 жылдығына орай)
Опера солисі – «Астана Опера» театры опера труппасының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов (баритон) ұлы орыс композиторы Сергей Рахманиновтың 150 жылдығы мен КСРО Халық әртісі Евгений Нестеренконың 85 жылдығына арналған «Романспен кездесу» вокалдық музыка кешін ұсынады. Фортепиано партиясында – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Долорес Умбеталиева.
Концерттің құрметті қонағы – Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян (бас).
Композитор, пианист, дирижер Сергей Рахманинов өз шығармаларында петерборлық және мәскеулік композиторлар мектептері қағидаттарын жинақтаған, сонымен қатар Батыс Еуропа мен Таяу Шығыс музыкасын араластырып, өзіндік стилін қалыптастырған.
Концерт бағдарламасында С.Рахманиновтың «Мелодия», «Отрывок из Мюссе», «Сон», «Весенние воды», «Дитя, как цветок, ты прекрасна…», «Полюбила я на печаль свою…», «Апрель», «Я был у ней…», «Я жду тебя», «Сирень» және тағы басқа танымал романстары шырқалады.
Көпшілік қауымды композитордың вокалдық лирика жауһарлары мен орындаушылардың дарыны баурап алатын керемет кеш күтеді.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Азамат ЖЫЛТЫРКӨЗОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (баритон)
Барсег ТУМАНЯН, Арменияның Халық әртісі (Бас)
Фортепиано партиясы – Долорес УМБЕТАЛИЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут