Мазмұнға өту

Ел өз таңдауын жасады

«Астана Опера» театрының ұжымы 20 қарашада өткен Президент сайлауында дауыс берді. 

– Қазір біз үшін ең маңыздысы – еліміздің тұтастығы, халқымыздың бірлігі және өркендеуі. Әлемде тұрақсыздық мысалдарын көптеп келтіруге болады. Осы ретте қазақстандықтарға тұрақты даму кепілі маңызды екені түсінікті. Сондықтан еліміздің азаматтары белсенділік танытқанын көріп отырмыз, олар «Астана Опера» театрының қабырғасында ашылған сайлау учаскесінде де дауыс берді, – деді «Астана Опера» директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров. 

– Бүгін тарихи бағытымызға міндетті түрде әсер ететін елеулі оқиға орын алды. Қазақстандықтардың таңдауы дұрыс болатынына сенімдіміз. Мемлекетімізге өзінің саяси, экономикалық және мәдени ұстанымдарын әлемдік кеңістікте одан әрі нығайту маңызды. Бәріміздің алдымызда маңызды міндеттер тұр. Еліміз өсіп-өркендеуі үшін бәріміз өз саламызда аянбай еңбек етуіміз керек, – деп атап өтті «Астана Опера» әртістері. 

 Еске сала кетейік, 16 қыркүйекте Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Конституцияға президент сайлауы жөнінде енгізілген өзгертулер мақұлданған болатын. Бұдан былай Қазақстанда мемлекет басшысы бір рет жеті жылға сайланады.

Published in Жаңалықтар